You are here

Финляндияда қалай мұғалім болуға болады?

Printer-friendly versionPDF version

Журнал «Вопросы образования» НИУ ВШЭ, 2016

Финляндия мұғалімдерді іріктеудің тиімді процедурасымен ерекшеленеді. Үміткерлердің академиялық жетістіктеріне, олардың коммуникативтік дағдыларына және мұғалімдік жұмысқа ынталануға баса назар аударылады. Болашақ мұғалімдер оқу үлгерімі үздік оқушылардың тек 10%-ынан ғана іріктеледі.

2007 жылы бірқатар емтихандар мен тесттерден тұратын, педагогикалық факультеттерге талапкерлерді іріктеудің міндетті бірінші кезеңі жалпы ұлттық деңгейде енгізілді. Жалпы зияткерлік деңгей есептеу, сауаттылық және тапсырмаларды орындау дағдыларына арналған 300 тест сұрақтарының көмегімен бағаланады. Бұдан бұрын бірінші кезеңде тек дипломдағы бағалар ғана ескерілді. 

Ең жоғарғы нәтижелерге ие болған ізденуші екінші кезеңге өтеді, оның барысында оларды коммуникативтік дағдыларды, үйренуге, сыни ойлауға, ақпаратқа сүйенуге дайындығын, сонымен қатар академиялық қабілетін, мұғалімдік жұмысқа ынтасын және балаларға деген қарым-қатынасын анықтайтын әдістемелер бойынша тестілейді.

Оқуды аяқтағаннан кейін болашақ оқытушылар жұмыс берушіні қанағаттандыратын кәсіби құзыреттілікті анықтайтын тағы бір тесттен өту керек. Бұл тест ізденушілер жұмыс істегісі келетін мектептерде өткізіледі.

Мұғалімдерді іріктеу талапкерлердің педагогикалық факультеттерге түсу кезеңінде жүзеге асырылады. Мектептер жағынан шынайы сұранысқа сәйкес келуі үшін оларға бөлінген орындар санын әдейі шектейді. Педагогикалық білім бұндай жағдайда әлсіз талапкерлер үшін тартымсыз болады. Сәйкесінше, мұғалімдерді даярлау бағдарламасының мәртебесі жоғары болады және бұл мұғалім мамандығының беделін арттырады.

Мұғалім мамандығының тартымдылығын еңбекақының мөлшері де себеп болады. Финляндияда бастапқы еңбекақыға үлкен мән беріледі. Орташа бастапқы еңбекақы мен ең жоғарғы мұғалімдік ставканың айырмашылығы небәрі 18 % құрайды.