You are here

Ғалымдар «қаржыландыруды алу үшін үнемі алдайды»

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 09.03.2016

Ғалымдар грантқа өтініш жазғанда өз зерттеулерінің ғылыми мағыздылығын асырып үнемі алдайды екен. Бұндай қорытындыға "Зерттеу әсерінің маркетизациясындағы қулық немесе адалдық" (Artifice or integrity in the marketization of research impact?) жұмысының авторлары келді.

Зерттеу сауалнамасына зерттеулерді қаржыландыруға өтініш жазу және рецензиялауда тәжірибесі бар Ұлыбритания және Австралиядан 50 аға ғылыми қызметкерлер қатысты. 

Ғалымдардың пікірінше, гранттық өтініште жазылатын зерттеудің ғылыми маңыздылығы "фарс" немесе "ойдан шығарылған әңгіме" болып табылады. Респонденттің біреуі айтқандай: «Мен оларға сенемін бе? – Жоқ. Бұл маған қаржы алуға көмектеседі ме? – Иә».

Ғалымдар бәсекелестік академиялық ортада "аман қалу үшін" өтірікке баруға мәжбүр деп санайды.