You are here

Гарвард бизнес мектебі студенттерге арналған онлайн-оқытуды іске қосты

Printer-friendly versionPDF version

goodcall.com, 05.08.2016

Гарвард Бизнес мектебі студенттерді кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға арналған жаңа онлайн платформаны іске қосты. Студенттер оған олардың мамандығына қарамастан қатыса алады. Бағдарламаның негізгі мақсаты болашақ бизнес көшбасшыларын виртуалдық оқыту арқылы даярлау болып табылады.   

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш толтыру керек, оның нәтижесінде жоғары ынталылықты және бизнеске бейімдікті көрсеткен студенттер таңдалады. Онлайн курстар Бизнес мектептің өзінде оқытылатын пәндермен бірдей. Бағдарламаны құрастырушылардың айтуынша, курстың негізгі әдіснамасы оқыту кейсіне баса назар аударады.