You are here

Гарвард және MIT QS пәндік рейтингтің көшбасшылары болды

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 10.03.2017

Гарвард университеті мен Массачусетс технологиялық институты (MIT) QS 2017ж. пәндік рейтингтің көшбасшылары болды.  Гарвард 15 пән, MIT 12 пән бойынша көшбасшы болды.

Оксфорд, Гарвард пен МТИ қатар, бірден артық пән бойынша бірінші орын алған жалғыз университет болды.  

QS деректеріне сәйкес, рейтинг қолданыстағы барлық рейтингтердің арасында ең толық болып табылады. Ол 46 академиялық сала бойынша 11 мыңнан астам орынды қамтиды. Оған 74 мемлекеттің 1 127 университеті кірді.

Рейтингті салыстырғанда, Scopus жүйесінде индекстелетін 43 млн. ғылыми жұмыс және 185 млн. дәйексөз талданды. Сонымен қатар, ғалымдардан 305 мың жауап және жұмысберушілерден 194 мың жауап алынды.

Рейтингті құруға жауапты Бен Соутердің (Ben Sowter) айтуынша, АҚШ пен Ұлыбритания әлі де рейтингтің көшін бастауда, алайда Ресей мен Қытай өз позицияларын едәуір жақсартты.

Ағымдағы жылдың рейтингісінде Оксфорд "Гуманитарлық ғыдымдар" бағыты бойынша бірінші болды. Одан кейін Кембридж бен Гарвард тұр.

Әлеуметтік ғылымдар мен менеджментте Гарвард көшбасшы.

MIT жаратылыстану, инженерия және технологиялар саласында үздік болды.

Гарвард та биология ғылымдары саласында көшбасшы. Кембридж бен Оксфорд сәйкесінше екінші және үшінші орындарға ие болды. 

Соутердің айтуынша, пәндік рейтингтер студенттердің арасында анағұрлым ықпалды бола бастады, өйткені олар қызығушылық танытатын салаларда көшбасшы болған ЖОО-ларды іздейді.

Цюрих Швейцария жоғары техникалық мектебі рейтинг бағыттарының бірінде - жер мен теңіз туралы ғылымдар саласында көшбасшы болған, континенталды Еуропаның жалғыз ЖОО-сы болды. Гонконг университеті "Стоматология" бағытында бірінші орынға ие болып, азиялық көшбасшы жалғыз ЖОО болды. 

Африка, Латын Америка және Орта Шығыс Университеттері кез келген бағыт бойынша топ-10-ға іс жүзінде кірмеді. Кейп Таун университеті бірыңғай жағдай болды.

Университеттердің QS негізгі рейтингіне белгілі бір критерийлерге байланысты кіре алмайтын мамандандырылған оқу орындары рейтингте жақсы келтірілген. Атап айтқанда, Нью-Йорктегі Джульярд мектебі рейтингтің театр өнері саласында, ал Нидерландтағы Вагенинген университеті ауыл шаруашылығы саласында көшін бастады.

Ағымдағы жылдың рейтингінде басқа халықаралық рейтингтерде келтірілмеген төрт сала да кіреді – анатомия және физиология; қонақ-үй бизнесі мен бос уақытты ұйымдастыру; спорт; теология, дін ілімі мен діни ғылымдар.

QS деректері бойынша, Қытай, Гонконг, Жапония мен Сингапур азия мемлекеттерінің арасында пәндік рейтингте үздік атанды. Азия ЖОО, негізінен, инженерия мен технология, жаратылыстану ғылымдары салаларында анағұрлым көрнекі келеді.

Қытай топ-50 (46 академиялық сала бойынша) барлық тізімдерінде орындар санын өткен жылғы 58-ден биылғы 78-ге дейін арттырды. Ресей топ-50-де 11 орынға иеленді, бірақ ЖОО-лар топ-10-ға кірмеді. 

Рейтинг 2011 жылдан бері жыл сайын жарияланады. Ол академиялық мәртебе, жұмысберушілердің арасындағы беделі мен өткізетін ғылыми зерттеулердің ықпалы негізінде құрылады.