You are here

Гарвардта математикадан бейімдеу қызметінің тиімділігін дәлелдеді

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 09.06.16

Гарвард университетінің Білім беру саясатын зерттеу орталығы Dreambox Learning оқу бағдарламасын бағалады. DreamBox Платформасының негізі 2006ж. қаланды және бастауыш мектеп оқушыларына арналды. Ол анимациялық ойын, ойын тапсырмалары және қызықты оқиға  түрінде ұсынылатын 1800 математика сабағынан тұрады. Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін оқушылар төсбелгілер мен монеталар алады. 

 

Зерттеушілер Dreambox Learning оқу бағдарламасын және 2013-2014 мен 2014-2015 оқу жылдарының АҚШ 3 мың бастауыш сынып оқушысының тест нәтижесін қарастырды. Бейімделген бағдарлама мен бастауыш сынып оқушыларының математикадан оқу үлгерімінің өсуі арасында өзара байланыстың бар екені анықталды. 

Зерттеу нәтижелері 14 сағаттың ішінде оқушылардың математикалық дағдылары 4%-ға жақсарғанын көрсетті. Жалпы, бұл қызметті аптасына 60-90 минут пайдалануға кеңес беріледі. 2006 жылдан бастап жоба білім беру технологиялары саласында шамамен 40 беделді марапқа ие болды. Қазіргі уақытта платформаны АҚШ-тың 50 штаты мен Канада пайдаланады.