You are here

Гендерлік стереотиптер қыз балаларда 6 жастан бастап қалыптасады

Printer-friendly versionPDF version

The Independent, 28.01.2017

Science журналында жарияланған зерттеу гендерлік стереотиптер қыз балаларда 6 жасында пайда болатынын анықтады. Зерттеуге кіріс деңгейі орташа отбасылардың 400 жуық баласы қатысты.

6 жасында қыз балалар жоғары зият ұл балалардың ерекше сипаты екеніне сенімді болатыны анықталды. Қыздар "өте ақылды" ойынды сирек ойнайды, өйткені бұл ұл балаларға арналған іс деп санайды.

Зерттеу авторы Андрей Симпианның (Andrei Cimpian) пікірі бойынша, қыз балалар стереотиптерінің ерте жастан дамуы олардың оқуына және бұдан әрі жұмысқа орналасуына ұзақ мерзімді ықпал етеді.

Бұл стереотип олардың математика, физика немесе философиямен байланысты мамандықтарды сирек таңдауына әкеледі. 

Данышпандық - ер адамдардың ерекше қабілеті дегенге сенімділік те келешекте мәртебелі жұмысты таңдауға әкелуі ықтимал.