You are here

Геноммен жұмыс жасау құрылғылары АҚШ-тың мектептегі және қоғамдық зертханаларында енгізіліп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

npr, 27.05.2017

АҚШ-тың білім беру ұйымдарында гендік инженерия бойынша сыныптар өте танымал бола бастады. Сабақтарда тірі ағзалардың геномын редакциялауға мүмкіндік беретін CRISPR Cas9 құрылғысы қолданылады. CRISPR алдыңғы технологиялармен салыстырғанда әлдеқайда аз шығыстарды талап етеді және пайдаланушыларға арзанға түседі. Шығыстарды азайту мектептерде, қоғамдық зертханаларда, тіпті үйде де гендік инженерияға қол жеткізудің басты себебі болды. CRISPR жиынтығын $150 сатып алуға болады.

Геноммен жұмыс істеу сыныптары оқушылар үшін кейбір мектептерде ғылым сабағында және кез келген ынта білдірушіге арнайы курстарда қолжетімді. Курсқа қатысушылар мен оқушылардың ерекше көзге түскен жұмыстары арасында инсулин өндіретін бактерия, антибиотиктерге қарсы тұрақты бактериялар және томаттардың жаңа сұрыбы бар.

Көптеген ғалымдар гендік инженерия саласындағы дамуды 1970-ші жылдардағы ақпараттық технологиялардың дамуымен салыстырады. Осы оңжылдықтың ішінде компьютерлердің бағасы арзандап, қоғам үшін қолжетімді болды. Гендік инженериямен байланысты этикаға қатысты именуге қарамастан, көп сарапшылар ол қазіргі кездегі бағдарламалау сияқты болашақта қажет болатын дағды деп есептейді.