You are here

Герман Греф: ЖОО-лар ХХІ-ғасырдың дағдыларына үйрету керек

Printer-friendly versionPDF version

РИА, 7.12.2016

Сбербанк РФ ЖОО-мен студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие болуына көмектесетін студенттерге арналған оқу бағдарламаларын талқылап жатыр.

Сбербанктің басшысы Герман Греф ЖОО түлектерінің білімі болғанымен, оқуда қажетті дағдылары жоқ деп атап өтті. Әлемде қысқа мерзімде білімге қол жеткізудің көп мүмкіндігі бар, сондықтан дағдылар сапалы білімді бағалаудың өте маңызды бөлігі болып табылады.

Сбербанк РФ ірі жұмысберушілерінің бірі ретінде адамдардың жұмысқа орналасуы кезінде бірқатар мәселелерге тап болды. Басты мәселе, Грефтің айтуынша, ЖОО түлектері мамандықтары бойынша сирек жұмыс істейді. Сондықтан мектептер мен ЖОО-да жұмыста сұранысқа ие болатын дағдыларға ерекше көңіл бөлген жөн.

Осылайша, Сбербанк өзінің қызметкерлері үшін алты жаңа құзыретті анықтады: мәселелерді шешу және шешім қабылдау, қорытынды нәтижені басқару және жауапкершілік, инновациялылығы, тұтынушыға бағдарлануы, коллаборативтілік немесе топтарды басқару және өзін басқару, олардың негізінде эмоциялық зият жатыр.

Анықтама үшін: "Эмоциялық зият" терминін 1990-шы жылдары  Питер Саловей (Peter Salovey) және Джон Майер (John Mayer) зерттеушілер енгізді. Бұл адамның қабылдау және эмоцияны білдіруге, менталды қабілеттерінің тобы, олардың көмегімен ойлау тиімділігін арттыру, өзінің және өзгелердің эмоцияларын түсіну және оларды басқару қабілеті.