You are here

Гете-институт балаларға арналған онлайн-университетті ашып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme.ru, 19.10.2016

Онлайн-университетте сабақ 2016 жылғы қарашада басталады. Барлық материалдар үш бағыт бойынша үлестірілді (олар факультеттер деп те аталады): адам, табиғат және техника. Оқушылар ұщқышсыз автомобильдер қалай жүреді, қабыршақ неліктен гуілдейді, 3D-баспа қалай жұмыс істейді, ұшақ пен қаңылтыр құтының қандай ұқсастықтары бар деген сұрақтарға жауап алады. Лекцияларды тыңдап, тапсырмаларды кез-келген уақытта орындауға болады. Жобаның басты мақсаты - белгісіз бәріне туа біткен қызығушылыққа сүйене отырып, балалардың сыни ойлау қабілетін дамыту.

Балалар университетінің форматы Германияда кең таралған. Әр неміс ЖОО-ның барлығында дерлік 8-ден 12 жасқа дейінгі балаларға арналған сабақтар өтеді, оларды әйгілі профессорлар жүргізеді. Балаларға арнап 45 бейнелекция және 360-ден астам интерактивті тапсырмалар әзірленді. Осының бәрі орыс және неміс тілдерінде қолжетімді.

Тапсырмаларды орындай отырып, балалар төсбелгілерді жинап, бакалаврдан профессорға дейінгі жолды өтуге мүмкіндігі бар. Аптасына 2-3 сағат, күніне 30 минутқа дейін оқуға кеңес беріледі. Жобаның сайтында неміс тілінің мұғалімдеріне арналған дайын материалдардың жиынтығы орналастырылды, оларды сабақ аясында және сабақтан тыс қызметте де пайдалануға болады.