You are here

Global Teacher Prize жеңімпазы Канада мұғалімі болды

Printer-friendly versionPDF version

The Guardian, 19.03.2017

Дубайда Global Teacher Prize марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың шеңберінде көрнекті мұғалімге $1 млн. мөлшеріндегі жүлде табысталады.

Анықтама үшін: Global Teacher Prize марапатын үш жыл бұрын Varkey Foundation қоры ұйымдастырды. Марапаттың алдыңғы жеңімпазы пакистандық мұғалім Ханан аль Хроуб (Hanan al-Hroub) болды, ол оқушылардың арасындағы агрессиялық тәртіппен күресте ойындарды пайдаланды. Байқау туралы толығырақ ақпаратты №101 Дайджесттен оқыңыз.

Биыл  Канаданың мұғалімі Мегги Макдоннелл (Maggie MacDonnell) байқау жеңімпазы болды. Ол Канадалық Арктикадағы Саллуит (Salluit) атты шалғай ауылының инуит балаларына сабақ береді. Макдоннелл бұл ауылда алты жыл жұмыс істеп келеді, бұл кезекте басым мұғалімдер бұл лауазымды бір оқу жылының ішінде-ақ босататын. Макдоннелл жергілікті қыздарды өмірлік дағдыларға үйрету бағдарламасының негізін қалады. Осылайша ол зорлық-зомбылықпен, жасөспірімдердің жүктілігі мен суицидпен күреседі, олардың деңгейі ауылда да, жалпы аймақта да айтарлықтай жоғары (2015ж. Саллуитте 6 суицид болды, барлық жағдайлар – 18-ден 25 жасқа дейінгі жастардың арасында).