You are here

Голландия техникалық университеттері студенттерді қабылдауды шектеуі мүмкін

Printer-friendly versionPDF version

Dutch News, 05.09.2016

Голландияның техникалық университеттері үкімет қаржыландыруды көбейтпесе, талапкерлерді қабылдауды шектеуге тура келеді деп ескертті.

Делфт, Эйндховен, Энсхеде және Вагенинген қалаларындағы төрт ЖОО студенттер контингенті соңғы 10 жылда 32 мыңнан 53 мыңға дейін өсті. Бұл дәрісханалардың аса толымдылығына және қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды.

Голландия техникалық университеттер федерациясының төрағасы Виктор ван де Чийс айтуынша,  шетелдік студенттерді қабылдау шектеледі. Осылайша, Голландия ЖОО-ға шетелден келген үздік студенттер ғана түсе алатын болады.

Голландия білім министрінің айтуынша, министрлік шығыстарды көбейтуді жоспарламайды және талапкерлер санының қысқаруына қарсы емес.