You are here

Голландияда халықаралық мектептерге 10 млн астам еуро инвестиция салынады

Printer-friendly versionPDF version

dutchnews, 13.03.2017

Голландияның Қаржы министрлігі мен жергілікті кеңестері жалпы алғанда 10,7 млн. еуроны халықаралық мектептерде 1 150 қосымша оқу орнын қамтамасыз ету үшін бөлмекші. 

Бұл салымның мақсаты - Нидерландтың халықаралық компаниялардың арасында танымалдығын нығайту. 

Экономика министрі Хенк Камп мәлімдегендей, «шетелдік фирмалар шамамен 900 мың жұмыс орнын құрайды. Бұл фирмалар үшін жақсы халықаралық білім маңызды фактор болып табылады. Экспаттардың балалары халықаралық мектептерге жиі тәуелді болады».

Елдің халықаралық мектептерінде білім алатын балалардың саны соңғы бес жылда 47%-ға артты. Мемлекеттің астанасы Амстердамда ұзын «күту парақтары» кәсіптік салаға ықпал ете бастады.