You are here

Голландияның ЖОО-да пәндердің тек 40% ғана голланд тілінде оқытылады

Printer-friendly versionPDF version

Dutch News, 26.08.2016

Голландияның 13 ЖОО ұсынған 1 632 оқу бағдарламаларының талдауы елдің ЖОО бағдарламаларының жартысынан астамы толық ағылшын тілінде жүргізілетінін көрсетті.

Бакалавриат деңгейінде ағылшын тілінде 60% студент оқиды. Магистранттардың тек 30% ғана голланд тілінде білім алады.

ЖОО ағылшын тілінде бағдарламаларды анағұрлым бәсекеге қабілетті болу үшін ұсынады. Олар шетелдік студенттердің анағұрлым көп санын тартуда да септігін тигізеді. Бұл ЖОО-ға түсетін голланд жастары санының азаюына байланысты анағұрлым өзекті болды. Голланд университеттері қауымдастығы өкілдерінің пікірінше, ағылшын тілінде оқыту студенттердің халықаралық еңбек нарығында мүмкіндіктерін де арттырады.

Дегенмен бұл факт оқытушылар мен студенттер жағынан сынға алынды. Студенттер негізінен кейбір оқытушылардың ағылшын тілін білудің төмен деңгейіне көңілдері толмайды.  Голландияда өткен жылы өткізілген сауалнама деректеріне сәйкес студенттердің 60% оқытушылардың ағылшын тілін білудің жеткіліксіз деңгейіне байланысты лекция материалдарын түсіну қиындығына тап болды.

Оқытушылар да барлық студенттердің ағылшын тілін жеткілікті жақсы біле бермейді және оларға жазбаша және ауызша түрде өз ойларын қатесіз жеткізу қиын деп айтады.