You are here

Google, Apple, Yahoo топ-менеджерлері өз балаларын компьютерлерсіз мектептерге берді

Printer-friendly versionPDF version

vospitaj.com, 27.01.2016

Waldorf of the Peninsula мектебі Google, Yahoo, Apple, Hewlett-Packard сияқты ірі компьютерлік компаниялардың топ-менеджерлерінің балалары арасында әйгілі болып отыр.

Мектептегі оқыту жаңа технологиялармен байланысты емес. Мектепте тақталар мен түрлі-түсті борлар, энциклопедиялары бар кітап сөрелері, дәптерлер мен ұарындаштары бар ағаш парталар қолданылады.  

Бұдан басқа, оқушылар ағаш инелермен тоқиды, бұл күрделі есептерді шешу қабілетін дамытуға, ақпаратты құрылымдау мен үйлестіруді дамытуға көмектеседі. 

IT-технологиясыз оқытуды қолдайтындар компьютерлер шығармашылық ойлауды, қозғалысты, адами қарым-қатынасты және ықыластықты тежейтініне сенімді. Ата-аналар бала компьютерлік сауаттылықты қиындықсыз өскенде де меңгере алады деп санайды.