You are here

Google білімдегі айырмашылықты қысқартуға $50 млн. бөлді

Printer-friendly versionPDF version

CNet, 21.03.2017

ЮНЕСКО деректері бойынша дүниежүзінде 130 млн. білім алушы мектептегі бірнеше жылдан кейін де қарапайым математиканы немесе оқу дағдыларын меңгермеді. Google компаниясы бұл айырмашылықты қысқаруға бел байлады. Келесі екі жылда коммерциялық емес ұйымдарға $50 млн. мөлшерінде гранттар беріледі.

Гранттар дамушы елдердегі білімді технологияларды пайдаланумен жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта тоғыз грант бөлінді. Жылдың соңына дейін Google 20 мемлекеттегі коммерциялық емес ұйымдарға гранттар беруді жоспарлады. Гранттар негізгі үш салаға бағдарланған: жауынгерлік іс-қимылдар аймақтарында оқыту, сапалы оқу материалдарын ұсыну және мұғалімдерді дамытуға көмек көрсету.

Гранттармен қатар, Google инженерлері мен мамандары Learning Equality коммерциялық емес ұйыммен төрт апта өткізеді. Бұл ұйым ғаламторға қолжетімділігі шектеулі адамдарға кәтаптар, бейнесабақтар жеткізетін бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлейді. Learning Equality арналған $5 млн. мөлшеріндегі грант  "Калибри" платформасын әзірлеуге бағытталады, ал ол ғаламтор қолжетімділігі шектеулі аудандардағы балаларға оқу ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.