You are here
Google Classroom платформасында әркім өз сыныбын аша алады


Ниет білдіргендердің барлығына арналған Google Classroom платформасы ашылды. Студент немесе оқытушы болу үшін Google аккаунтының болғаны ғана жеткілікті.
Бұл әркімнің Google Classroom-да жеке сыныпты аша алатынын және сонда сабақ өткізе алатынын білдіреді. Бұл мүмкіндік репетиторларды, жаттықтырушыларды және жеке меншік білім беру ұйымдарының қызметкерлерін қызықтырады деген болжам бар.
Анықтама үшін: Google Classroom платформасы 2014ж. оқу үшін арнайы іске қосылды. Әрбір адам өзінің сыныбын жасап, онда оқушылармен барлық қажетті құжаттармен бөлісе алады, тапсырма бере алады, баға қоя алады - барлық функциялар бір-бірімен біріктірілген және оқу қажеттіліктері үшін бейімделген.