You are here

Грузия ауыл мектептеріне үміт артуда

Printer-friendly versionPDF version

Новости-Грузия, 22.03.2017

Грузия Білім және ғылыми министрі Александр Джеджелава елдің таулы өңірлерінде орналасқан ауыл мектептерінің жағдайын жақсартуға уәде береді.

Джеджелава грузин мұғалімдерімен кездесті. Таулы өңірлердің мұғалімдері министрге шағын жинақты мектептердегі мәселелер туралы айтты. 

Мұғалімдер мектептегі оқу курсы 10 жылдық болу керек деп санайды. Қазіргі уақытта таулы өңірлердегі мектептердің басым бөлігінде мектептегі оқыту циклі 9 жылды құрайды. Толық орта білімді алу үшін балалар мен олардың ата-аналарына ауылдан қалаға көшуге тура келеді. 

Джеджелаваның айтуынша, «Грузияның ауыл мектептері ең мықты болу керек. Отбасылар осы себеппен кетпеуі тиіс. Керісінше, кеткендердің барлығы қайта келетіндей ету керек».

Бүгін Грузия таулы өңірлерінің тұрғындары туралы нақты статистика жоқ, бірақ бейресми деректер бойынша, онда 300 мыңдай адам тұрады.

Анықтама үшін: 2016ж. 1 қаңтарда "Таулы өңірлерді дамыту туралы" заң күшіне енді, ол таулы өңірлер тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізуді қарастырады.

Заң қабылданғаннан кейін таулы өңірлердің мұғалімдері еңбек ақының 35%-дан кем болмайтын мөлшерде үстеме ақы алатын болды. Сонымен қатар, мемлекеттік мектептердің оқушылары, сонымен қатар өңірлерден келген кәсіптік білім беретін мекемелердің студенттері арнайы білім беру ваучерлерін ала алады.