You are here

Грузия кәсіби білім беру жүйесіне жаңа реформаларды енгізіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Вестник Кавказа, 25.03.2016

Грузия Премьер-министрі Георгий Квирикашвили кәсіби білім беруді реформалауда болатын жаңа өзгерістерді ұсынды. 

Жаңа өзгерістерге сәйкес, елде кәсіби білім берудің неміс үлгісі құрылады. Бұл үлгі шеңберінде студенттер кәсіптік мекемелерде оқи отырып, мамандығы бойынша жұмыс істей алады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер жұмыс тәжірибесін жалғастыра отырып, жұмысқа орналаса алады, жеке меншік істі бастай алады немесе жоғары білім ала алады. Осыған байланысты стартап идеяларын қаржыландыру институтын құру жоспарланып отыр. Бұл студенттерге, түлектерге және белсенді жастарға нарықтық экономиканың жаңа шарттарында өз идеяларына қаржы алуға мүмкіндік береді.   

Сонымен қатар, бұл реформа жұмыс берушілер, мемлекет және жекеменшік секторының серіктестігіне бағытталады.