You are here

Грузияның Білім министрі білім беру жүйесінің кең ауқымды реформалары туралы жариялады

Printer-friendly versionPDF version

Postimees, 12.04.2017

Грузияның Білім министрі Александр Джеджелава елдің білім жүйесіндегі реформалар туралы жариялады. Реформалар мектептерге анағұрлым көп дербестік ұсынуға және білім алушылардың қажеттіліктеріне негізделген оқытуды ынталандыруға бағытталған.

Мектептерде міндетті пәндердің саны қысқартылады, бұл білім алушыларға өзін-өзі тануға анағұрлым көп еркіндік береді. Салауатты өмір салтын және өнерді ынталандыру үшін шығармашылық және спорт сыныптарының саны арттырылады.  

Джеджелава Грузия ЖОО-ларына шетелдік студенттерді анағұрлым көп тарту ниетін білдірді. Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам шетелдік студент Грузия университеттерінде білім алады. 

Грузияның Үкіметі ЕО бірлесіп өткізілетін "Грузияның  көкжиегі-2020" жобасын қолдауды да жалғастырады. Жоба жас ғалымдарды ынталандыруға және елді Кавказдың ең басты ғылыми орталықтарының біріне айналдыруға бағытталған.