You are here

Гуманитарлық бағыт бойынша докторантурада білім алу жалақының ұлғаюына кепіл болмайды

Printer-friendly versionPDF version

Business Insider UK, 06.05.2016

Emolument жалақыны бағалау жөніндегі веб-сайттың мәліметтері бойынша, гуманитарлық бағыт бойынша докторантурада оқу жалақының жоғарылауына кепілдік етпейді.

Зерттеуге жұмыс өтілі 5 пен 9 жылдың аралығын құрайтын 23 866 PhD докторы қатысты.

Зерттеу гуманитарлық бағыт бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның түлектері (тарих, география, философия, саясат) ғылыми дәрежесіне қатыссыз салыстырмалы тең жалақы алады. 

Гуманитарлық бағыт бойынша PhD түлектерінің жалақысы ($58 000), орташа есеппен, магистратура түлектерінің жалақысына қарағанда ($63 000),  азырақ болады екен. 

Керісінше, математика, IT, заң және психология РhD докторлары осы саладағы магистрлерге қарағанда көбірек жалақы алады. 

Математика PhD докторантураның түлектеріне бакалаврларға қарағанда екі есе артық жалақы – $162 000 төленеді. Осы арада, PhD докторантура түлектерінің 78%-ы қаржы және кеңес беру салаларында жұмыс істейді.  

Мамандықтар бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура түлектерінің жалақылары туралы мәліметтер

Мамандық

Бакалавр

Магистр

PhD докторы 

Химия және жаратылыстану ғылымдары

$59 000

$66 000

$66 000

IT

$60 000

$73 000

$89 000

Экономика

$96 000

$101 000

$114 000

Техникалық ғылымдар

$63 000

$71 000

$88 000

Гуманитарлық ғылымдар (тарих, география, саясат)

$62 000

$63 000

$58 000

Заң 

$68 000

$87 000

$124 000

Менеджмент

$61 000

$75 000

$94 000

Математика және статистика

$87 000

$108 000

$162 000

Физика, өмір туралы ғылым, денсаулық сақтау

$52 000

$66 000

$72 000

Психология

$53 000

$52 000

$76 000

Қайнар көзі: emolument.com