You are here

Ғылыми-технологиялық алқап «Сколковоға» бәсекелес болмақшы

Printer-friendly versionPDF version

Взгляд, 27.03.2017

А.ж. 24 наурызда Владимир Путин үкіметке а.ж. 1 желтоқсанға қарай "Торғай таулары" ғылыми-технологиялық алқабын құру туралы тапсырма берді.

РФ «Кремний алқабы» дәстүрлі түрде "Сколково" ғылыми-технологиялық инновациялық кешен аталатын. "Сколково" бизнес мектебі менторлар қауымдастығының басшысы Михаил Хомичтің айтуынша, «Сколково» жазық далада салынса, ғылыми-технологиялық алқап М.В.Ломоносов атындағы ММУ (бұдан әрі – ММУ) базасында құрылады.

Анықтама үшін: "Торғай таулары" алқабы" жобасы алғаш рет 2015ж. мамырда Кремльде мемлекет басшысының қатысумен өткен ММУ қамқоршылық кеңес отырысында ұсынылған болатын.

Путиннің айтуынша, идея ғылым мен бизнестің бірыңғай тізбекте әрекеттесуінде, компаниялар ММУ білім және ғылыми мүмкіндіктерін пайдалануында, ал зерттеушілер өз әзірлемелерін шынайы өндіріске енгізуінде жатыр. В.Садовничий, бұл кезекте, технологиялық алқап түлектерге «сырттағы ұйымдарға, мемлекеттен кетпей, Ресейде қалуға» мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

ММУ жаңа технологиялық алқабы ақпараттық технологияларды, жаңа материалдарды, роботтық техниканы, биомедицина, жер туралы ғылымды, ғарышты зерттейтін, енгізу орталықтарынан тұратын кластерлердің пулы болып табылады. Мемлекеттік компаниялардың көптеген өкілдері ММУ қамқоршылық кеңесінің құрамына кіреді және жобаны дамыту барысында "алқаптың" төңірегінде инженерлік орталықтарды ашатын болады.

Сонымен қатар, Хомич "ММУ алқабы" көп дәрежеде ірі тапсырыс берушілерге, ірі корпорацияларға бағдарланатын болады деп болжамдайды, ал бұл кезекте, «Сколково» көп дәрежеде шағын және орта бизнеске бағдарланған.