You are here

Халықаралық әйелдер күніне арналады: әйелдер дүниежүзінің жетекші ЖОО басшысы ретінде

Printer-friendly versionPDF version

 

Білім беру жүйесінде басшы лауазымдарына тағайындалып жатқан әйелдердің саны артып келеді. Төменде келтірілетін әйелдердің жігерлілігі, жасампаздығы және ынтасы әлемнің жетекші ЖОО-дың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Мария Зубер (Maria Zuber) – Массачусетс технологиялық институтының (QS WUR 2016-2017 әлемдік университеттердің рейтингінде 1-орын) зерттеу қызметі жөніндегі вице-президенті. Зубер университеттің ғылыми зерттеулер саласындағы стратегиясы мен саясатына жауапты, ғылыми зертханалар мен орталықтардың қызметін үйлестіреді. 2016ж. мамырда Ұлттық ғылым қоры Мария Зуберді Ұлттық ғылыми кеңестің төрайымы болып сайлады, бұл құрылым Ұлттық ғылыми қордың саясатын анықтайды және АҚШ Конгресі мен Президентінің қызметіне кеңестік қызмет көрсетеді.

Дрю Фост (Drew Faust) – Гарвард университетінің  (QS WUR 2016-2017 әлемдік университеттердің рейтингінде 3-орын) 28-президенті. Фост өзінің лауазымдық қызметін атқара отырып, Гарвард университетіне түсетін, халықтың барлық экономикалық топтарынан шыққан студенттерге арналған қаржылай көмекті арттырды. Фост университеттің қабырғасында өткізілетін ғылыми зерттеулерді федералдық деңгейде кеңінен қаржыландыруды жақтайды. Президент міндеттерін атқарған уақытта Фост EdX онлайн-курстардың жаһандық жобасы іске қосылды, Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп, онлайн-оқыту саласында ынтымақтастық бағдарламасы бастау алды.

Эми Гутман (Amy Gutmann) –  Пенсильвания университетінің (UPenn) (QS WUR 2016-2017 әлемдік университеттердің рейтингінде 18-орын) 8-президенті. Гутман Пенсильвания университетінің зерттеушілерді, жасампаздарды және кәсіпкерлерді біріктіретін кампусы базасында инновациялық экожүйені құруға бастамашылық етті. Гутман басқарған уақытта 2004ж. бері ЖОО эндаумент қоры $4 млрд.-тан $10,7 млрд. дейін арттырды, талапкерлерді қабылдау саны 18,2 мыңнан 39 мың адамға дейін артты. 2016ж. қарашада Гутман келісімшарты 2022ж. дейін ұзартылды, бұл - Пенсильвания университетінің тарихында президент лауазымында болудың ең ұзақ мерзімі.

Джанет Наполитано (Janet Napolitano) – Калифорния университетінің 20-президенті, ол өз құрылымында 10 кампус пен 3 ұлттық зертхананы біріктіреді. Наполитано жұмысының бірінші жылы (2013ж.) ЖОО Калифорнияның ең ірі жұмыс берушілерімен түлектерді жұмысқа орналастыру туралы 10 келісімге қол қойды, соның ішінде Калифорния медицина қызметкерлерінің қауымдастығы, Мемлекеттік, өңірлік және муниципалдық қызметкерлердің америкалық федерациясы болды.

ЖОО басқарған уақытта Наполитано Мексика үкіметі мен университеттерімен ынтымақтастық аясын кеңейтті. Калифорния университеті  ғылым мен зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен CONACYT Мексика Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Луиза Ричардсон 2016ж. қаңтарда Оксфорд университетінің (QS WUR 2016-2017 әлемдік университеттердің рейтингінде 6-орын) ректоры болды. Оксфорд университетінің тарихында 1230ж. алғашқы ректорды тандау мерзімінен бері тек қана ер адамдар басқарып келді. Ректорды сайлау қорытындылары жарияланғанда, Ричардсон «ғылыми қоғам, компаниялардың басым бөлігі сияқты, пирамида сияқты құрылады – лауазым жоғарылаған сайын бұнда әйелдер азая береді" деп айтты.