You are here

Хан академиясы мектепке дейінгі жастағы балалардың білімімен айналысуды жоспарлады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 29.08.2016

Хан Академиясы (Khan Academy)  Duck Duck Moose балаларға арналған білім беру қосымшаларын әзірлейтін студияны сатып алды.

Анықтама үшін: Хан Академиясы – білім беру коммерциялық емес ұйымы, 2008ж. негізі қаланды. Академияның мақсаты — баршаға арналған жоғары сапалы білім беруді ұсыну.

Khan Academy басшысының айтуынша, академия мектепке дейінгі жастағы балалардың білімімен тығыз айналысуды жоспарлап отыр. Duck Duck Moose командасының тәжірибесі ұялы құрылғыларды пайдалануды енді үйренген балаларға арналған сандық өнімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. 2-7 жастағы балаларға арналған 21 дайын қосымша тегін қолжетімді болады. Бұл қосымшалар мәтінді оқу, жазу және арифметикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. 

Жақында Khan Academy білім беру платформасы Omidyar Network қорынан $3 млн. көлемінде грант алды. Бұл қаржы соның ішінде Duck Duck Moose өнімдерін дамытуға бағытталатын болады.