You are here

IBM Watson үшінші сыныпта математикадан сабақ беруге көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version

The New York Times, 27.09.2016

IBM Мұғалімдердің америкалық Федерациясымен бірлесіп мұғалімдерге арналған көмекші бағдарламаны әзірледі. Бұл бағдарлама IBM Watson жасанды интеллектін пайдаланады.

Анықтама үшін: IBM Watson - жасанды интеллекттің сұрақ-жауап жүйесімен жабдықталған анықтама платформа. Оның басты міндеті - сұрақты өңдеп, сұраққа жауап іздеу. Платформа Азияның 20 медицина орталығында және Нью-Йорктің Онкология Орталығында онкология саласында зерттеу жүргізуде пайдаланылады.

IBM Watson мұғалімдерге жеке оқу жоспарларын меңгеруге көмектеседі. Тиісті дағдыларға үйренуге де көмектеседі және материалды бекітуге қажетті жаттығуларды береді.

IBM Watson әр мұғалімнің оқыту әдістемесі туралы ақпаратты жинайды. Бұл ақпарат барлық мұғалімдердің игілігіне өңделеді.

Пилоттық бағдарламаға АҚШ-тың 200 мұғалімі қатысты, олар платформа мен IBM Watson-мен оқытудың артықшылықтары туралы жақсы пікірлер білдірді. Платформа үшінші сыныпта математика пәнін оқытатын мұғалімдерге ағымдағы жылдың соңында қолжетімді болады. Келешекте мазмұнын, пәндер мен сыныптардың қамтылуын кеңейту жоспарланды.