You are here

Илон Маск білім беру революзиясына $15 млн бөлді

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 12.09.2017

Әлемде шамамен 250 млн бала бастауыш және орта білім алуға мүмкіндігі жетпейді. БҰҰ-ның көрсеткіші бойынша, бұл балаларды оқытуға 1,6 млн мұғалім қажет, ал 2030 жылға қарай 3,2 млн-ға көбейеді. Бұл мәселені шешуге Global Learning бағдарламасын шығарған XPRIZE ұйымы қолдау көрсетуге ниет білдіріп отыр.

Жобаны шығарушылар дамушы елдердің балаларына оқуға, жазуға және  негізгі математиканы үйренуге көмектесетін ашық  бағдарламалық жасақтама әзірлеуді жоспарлап отыр.

Илон Маск бұл бағдарламаға $15 млн қаражат жұмсады. Басында ол дәстүрлі математикалық білім беруді қатты сынға алған болатын. Оның ойынша, абстрактылы есептерді және теңеулерді шешу баланы қызықтырмайды. Сол себептен бұл пән оқушыларға шындықтан ажыратылған болып көрінеді.

Дамушы елдерде математика және басқа да пәндерді қалай жүргізу керек екені жөнінде 2019 жылдың сәуір айында, яғни, XPRIZE конкурс жариялап, тиісті қызметкерді белгілеген  уақытта біле аламыз.