You are here

Индиана штатында, АҚШ, мектепке дейінгі білімнің онлайн бағдарламасын енгізуге бір миллион доллар бөлінді

Printer-friendly versionPDF version

USNews, 14.05.2017

Индиана штатында, АҚШ, алғаш рет Юта штатында енгізілген UPSTART мектепке дейінгі білім беретін онлайн бағдарламаны енгізу үшін $1 млн. бөлінеді.  

Анықтама үшін: UPSTART (Utah Preparing Students Today for Rewarding Tomorrow) мектепке дейінгі білім беретін пилоттық онлайн бағдарлама 2009ж. енгізілді. Бағдарламаны Ватерфолд Институты  (Waterfold Institute) әзірледі. Қосымша ақпаратты №53 Дайджесттен оқи аласыз.

Бөлінген қаржы әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасылардан шыққан балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуға бағытталуы тиіс. Онлайн бағдарламаның апробациясы Оңтүстік Каролина, Огайо, Миссисипи және Пенсильвания штаттарында да өтті. Зерттеудің нәтижелері UPSTART  онлайн бағдарламаның балалардың ерте жасынан сауаттылығын дамытуға ықпал ететінін көрсетті.

Индиана штаты билігі өкілдерінің пікірі бойынша, бұл онлайн бағдарлама әлеуметтік тұрғыдан осал топтардан шыққан балаларды мектепке дайындық деңгейін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді. Онлайн бағдарламаның шеңберінде балаларға әртүрлі сабақтар, кітаптар, өлеңдер мен оқылым дағдыларын арттыратын жаттығулар қолжетімді болады.