You are here

Қазақстан алғаш рет PIRLS зерттеуіне қатысады

Printer-friendly versionPDF version

2016 жылдың сәуір айында Қазақстан алғаш рет әлемнің 50 елдерінің қатарында PIRLS-2016 (Progress in International Reading Literacy Study) зерттеуіне қатысады. Зерттеудің халықаралық үйлестірушісі Оқушылардың білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық қауымдастық (IEA) болып табылады.

Қазақстанның 4 000 астам 4-сынып оқушылары қатысады. IEA халықаралық іріктеуімен барлығы 174 жалпы орта білім беру ұйымдары таңдалып алынды. Мектептердің көп бөлігін - ОҚО (36), Алматы облысы (18), Ақтөбе және Қарағанды (13), ШҚО (12) облыстары құрайды.

PIRLS зерттеуі - бастауыш мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын халықаралық деңгейде тәуелсіз бағалайтын ең көрнекті зерттеулердің бірегейі.

Сауалнамаға мектеп оқушыларымен қатар олардың ата-аналары, мұғалімдері және мектеп әкімшілігі қатысады. Сауалнама нәтижелері білім беру ұйымдары, оқушылар, педагогтар мен ата-аналар жөнінде негізгі сипаттамалар бере алатын толықтай мазмұнды материал болып табылады. 2016 жылдың сәуір айында өткізілетін PIRLS-2016 негізгі зерттеудің қорытындысы бойынша сауалнама негізінде алынған мәліметтер оқушылардың нәтижелеріне әсер ететін факторларды анықтауға және келешекте әрекет ету бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда елдің 16 облысынан төртінші сынып оқушыларын іріктеу жұмысы жүргізілуде.