You are here

Ирландияда 3-6 жастағы барлық балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту үшін қаржыландыру 6,5 миллион еуроға дейін ұлғайтылды

Printer-friendly versionPDF version

Independent.ie, 08.07.2016

Ирландияда 3-6 жастағы балаларды тегін мектепке дейінгі біліммен қамтуды қамтамасыз етуге қосымша қаржы (€2,5 млн.) бөлінді. Ағымдағы жылғы ақпанда бұл мақсаттарға  €4 млн. көлемінде қаржы қарастырылған болатын. 

Қаржыландырудың шеңберінде 1006 мектепке дейінгі ұйымға қосымша бөлмелерді салуға және білім беру материалдарын сатып алуға €10 мың көлемінде граттар бөлу жоспарланды.

3-6 жастағы балаларға арналған тегін мектепке дейінгі білім берудің мерзімі шамамен екі есе ұзақтылады. Бұған дейінгі қаржыландыру 3 жылда 38 апта мектепке дейінгі білім алуды қарастырған болатын. Енді 3-6 жастағы балалар 3 жылда орта есеппен 61 апта тегін мектепке дейінгі білім ала алады.