You are here

Ирландияда жоғары білімді алудағы кедергілерді жою үшін Виртуалды колледж ашылады

Printer-friendly versionPDF version

Silicon Republic, 11.10.2016

Ирландияда әлеуметтік-экономикалық немесе аумақтық кедергілер кесірінен жоғары білімді ала алмаған адамдарға арналған Виртуалды колледж (The Virtual Community College) ашылады. Бұл бастаманың аясында онлайн және мобильдік технологиялар пайдаланылады. Оқу ақылы, бір курстың құны €300. Алайда колледжде әлеуметтік шәкіртақылар бар.

Бұндай колледжде оқу қызметтің жеке түрлерімен виртуалды сабақтарға қатысу және онлайн лекцияларды көру, жазбаша жұмыстарды тапсырудан тұрады. Оқыту бағдарламасы қоғамдық көшбасшылық, азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік шаралар, білім беру және оның өзгерістері, технологиялардың көмегімен білім алу жөніндегі курстарды қамтиды. 

Екі жылдың ішінде шамамен 150 адам оқытуды сынаудан сәтті өтті. Бұдан әрі студенттердің санын жыл сайын 1000 арттыру жоспарланды. Колледждің негізін қалаушылардың пікірінше, бұл бастама жоғары білім беру жүйесіндегі теңсіздік мәселесін шешуге және жоғары білімнің қолжетімділігі жолында тұрған кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.