You are here

Италияның мұғалімдері мен профессорлары оқушылардың сауаттылығы оларды уайымдататынын білдірді

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 05.02.2017

Италияның 600 мұғалімі, профессоры мен тілшіден тұратын топ оқушылар мен студенттердің сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды қабылдау өтінішімен үкіметке ашықхат жолдады. Сауалнамаға сәйкес, итальяндық отбасылардың 10%-ында үйінде кітап жоқ, ал 11-14 жастағы балалардың 46%-ы оқу жылында бірлде-бір кітап оқымаған екен.

Хаттың мәтінінде бұл мәселелнің ұзақтығы туралы айтылады: мұғалімдер мен профессорлар оқушылар сауаттылығының төмен деңгейімен бірінші рет кезігіп жатқан жоқ. Италияндық тілдің деңгейі мектеп түлектерінің арасында өте төмен. Студенттер бастауыш мектеп оқушылары тән қателерді жібере алады.

Төмен сауаттылықпен күресу шаралары ретінде мектеп бағдарламасын қайта қарастыру және оқушыларды жүйелі аттестаттау ұсынылады. Диктант, мазмұндау, лексикалық дағдыларды және қолмен жазу ұсынылады. Сонымен қатар, хаттың авторлары жоғары мектеп мұғалімдеріне негізгі мектеп емтихандарына, ал негізгі мектеп мұғалімдеріне бастауыш мектептің емтиханына қатысуға рұқсат беру ұсынылады.