You are here

Израиль ЭЫДҰ-да ерте білім беруге бәрінен аз қаржы жұмсайды

Printer-friendly versionPDF version

IsraelInfo, 15.09.2016

Израильде бір балаға шаққандағы мектепке дейінгі білім беру саласына жұмсалатын мемлекеттік және жекеменшік шығыстар жылына $4302 құрайды — дамыған елдердегі ерте жастағы балаларға жұмсалатын шығыстардың орта көрсеткішінен шамамен екі есе аз.  Бұл көрсеткіш бойынша Израиль ЭЫДҰ-да соңғы орында тұр.

Солтүстік Еуропа мемлекеттері — Норвегия, Швеция, Исландия, Финляндия — мектеп жасына дейінгі балаларға мектеп жасындағы балаларға қарағанда анағұрлым көп қаржы жұмсайды. Басқалар да дәл солай немесе бұдан сәл аздау. Израильде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліміне жұмсалатын шығыстар бастауы сыныптардағы оқытуға жұмсалатын шығыстардан 1,5 есе аз.

Норвегияда балабақша жасындағы бір баланың біліміне орта есеппен $14 700 бөлінеді (Израильмен салыстырғанда 3,5 есе артық). Бастауыш сынып оқушысына - $13 270. Финляндияда ерте жастан білім беру басымдылығы анағұрлым айрықша көрсетілген — балабақшаның бір тәрбиеленушісіне $10 500 және бастауыш сынып оқушысына $8500. Израильде бастауыш сынып оқушысына жұмсалатын шығыстар орта есеппен жылына шамамен $7000.

Жалпы алғанда Израильде, басқа дамыған елдерге қарағанда, мектепке дейінгі білім беру саласына жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің қомақты бөлігін құрайды (ЖІӨ-нің 1,1%-ын), сондықтан бұл көрсеткіш Финляндия көрсеткішінен (1,2%) қалмай отыр. Дегенмен мектепке дейінгі білім беру саласына жұмсалатын шығыстардың басым бөлігі ата-аналарға жүктеледі. Финляндияда жалпы шығыстардың тек 2% ғана ата-аналарға жүктеледі, ал Израильде болса, бұл үлес 22% құрайды.