You are here

Калифорнияда екітілді білім беру енгізіліп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

npr.org

Калифорнияның Заңнамасына өзгерістер енгзілді, оған сәйкес мектептерге екі тілде білім беру - ағылшын тілінде және ата-аналар мен оқушылардың таңдауымен кез-келген тілде білім беру енгізіледі. Бұл түзету 1998ж. қабылданған Калифорнияда екі тілде білім беруге тыйым салу туралы Заң жобасын жойды. Түзету міндетті болып саналмайды және штаттың барлық мектептерінің екітілділікке өтуін қарастырмайды. 

Анықтама үшін: 227 Заң жобасы (Proposition 227) – 1998 жылы Калифорнияда қабылданған және екі тілді білім беруге тыйым салған заң. Заңға сәйкес балабақшаларда, мектептер мен колледждерде сабақ тек ағылшын тілінде ғана жүргізілді. Білім алушылардың ағылшын тілін баяу меңгеруі Заңды қабылдаудың себебі болды.

Заңға түзету 2017 жылғы шілдеде күшіне енеді. Оған дейін штаттың билігіне екі тілде білім беруге өтетін мектептердің санын анықтау, сонымен қатар қаржыландыру және екітілді мұғалімдерді жұмысқа алу мәселелерін шешу керек.

Кадрлық мәселе әсіресе ерекше, өйткені екі тілде білім беру жойылған 18 жылда екі тілді білетін көптеген мұғалімдер штаттан көшіп кетті. Қаржыландыру мәселесі округтердің қолданыстағы бюджетінің қаражаты есебінен шешіледі.

Түзетуге сәйкес 20-30 ата-ана қалаған жағдайда мектептер екі тілде білім беруге міндетті болады. Түзету ағылшын тілді мектептерге де, штаттың ұлттық азшылық тілдерінде оқытатын мектептерге де қолданылады.