You are here

Калифорнияда оқытушысыз университет ашылды

Printer-friendly versionPDF version

«42» атты оқытушысыз университет ағымдағы жылғы қазанда Калифорнияда ашылды. Оқу орны аттас француз ЖОО филиалы болып табылады. Бұнда жылына шамамен бір мың студент білім алады. Олар бағдарламалық қамтамасыз етуді кодтау және әзірлеуді меңгереді.

«42» негізін студенттердің оқуы мен тұруын қаржыландыратын француз миллиардері Хавьер Ниель (Xavier Niel) қалады. Бұл француз ЖОО түлектері IBM, Amazon және Tesla сияқты компанияларда жұмыс істейді, сонымен қатар жекеменшік бизнесті де ашты.

Білім беру процесі өзара оқыту және жобалық қызмет қағидаларынан құралады. «42» университетінде студенттер ғалатор арқылы қолжетімді ресурстарды, курстастардың көмегін пайдалана отырып, жобалар жасайды. Барлық студенттер бір үлкен дәрісханада жұмыс істейді. Жұмысты курстастар бағалайды.

Әр тапсырманы аяқтағаннан кейін компьютерлік ойындардағыдай студенттер келесі деңгейге өтеді. Бағдарламаны аяқтау үшін олар 21 деңгейге жету керек. Бұл, әдетте, үштен бес жылға дейінгі мерзімді алады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер сертификат алады.

Университеттің негізін қалаушылар оқытудың бұл әдісі студенттерге сылбыр білім алушы болып қоймай, тәжірибелік дағдыларды алу процесіне белсенді тартылуға мүмкіндік береді деп санайды.

Жұмысберушілердің айтуынша, «42» университетінің түлектері анағұрлым дербес. Олар жұмысты өз бетінше орындайды және басшылықтың нұсқаулықтар беруін күтпейді.

Сонымен қатар, «42» университетінің түлектері топта жұмыс істеу, талқылау және өз бастамаларын қорғау дағдыларын дамытады. Бұл әсіресе мамандарға коммуникациялық дағдылар жетіспейтін IT сала үшін маңызды.