You are here

Канада білім беруде ұлы державаға қалай айналды?

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 02.08.2017

Озық әлемдік білім беру жүйелері туралы сөз айтылғанда, бірінші кезекте, Сингапур, Оңтүстік Корея және Финляндия, Норвегия сияқты азиялық және скандинавиялық көшбасшылар ойға келеді.

Халықаралық рейтингтерде жоғары орындар алатын Канада болса, сирек айтылады. 

Pisa соңғы кезеңінің нәтижелері Канаданы математика, жаратылыстану ғылымдары және оқу бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген Топ 10 елдің бірі ретінде саралайды.

Жоғары білім деңгейінде Канадада жоғары білім алған еңбекке жарамды жастағы ересек халықтың ең жоғары үлесі бар (55%), ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 35%-ға тең.

Әдетте, ықшам, ұйымшыл қоғамдастықтар және осы тесттердің өзгеріссіз көшбасшысы Сингапур оқуда анағұрлым жақсы жетістіктерді көрсетеді және жүйелі ілгерілеудің үлгісі ретінде жиі келтіріледі, бұнда білім беру жүйесінің әрбір элементі жалпы ұлттық стратегиямен бірігеді.

Дегенмен, Канадада осындай ұлттық білім беру жүйесі жоқ, өйткені мемлекет дербес провинциялардан тұрады. Канаданың білімдегі жетістіктерін түсінуге талпынып, ЭЫДҰ елдегі федералдық үкіметтің рөлін "лимитті және кейде тіршілік етпейтін" деп сипаттады.

ЭЫДҰ Білім және дағдылар директоратының басшысы Андреас Шляйхер Канадада теңдікті білім берудің басты элементі ретінде атады. Канадада мектеп оқушыларының ішінде мигранттардың үлесі ең жоғары. Оқушылар үштен бір бөлігінен астамының ата-анасының екеуі - басқа елдерде дүниеге келген. Алайда, мигрант балалар мектепте білім алуға тең құқыққа ие  және олар жергілікті қатарластары сияқты жоғары нәтижелер көрсетеді. 

Әрбір провинция білім беру мәселелерінде өзінің жеке саясатын жүргізгенімен, олардың бәрі оқушыларға тең мүмкіндіктер берудегі ұмтылыстары ортақ. 

Шляйхердің айтуынша, Канадада мықты әділдік сезімі мен тең мүмкіндіктер бар. Бұл мигрант балалардың жоғары академиялық жетістіктерінен байқауға болады.

Мұғалімдер Канадада халықаралық стандарттар бойынша жоғары еңбекақы алады, бұл Канаданың тағы бір ерекшелігі болып табылады, мұғалім атану үшін жоғары конкурстан өту керек. 15 жылдық жұмыс өтілі бар мұғалім Канадада бір академиялық сағатта $90, жылына $65 мыңнан астам ақы алады (ЭЫДҰ елдерінде - сағатына $63). Осылайша, Канадалық Арктикадағы Сллуит (Salluit) шалғай ауылдағы инуит балалаларға сабақ беретін Канадалық оқытушы Global Teacher Prize беделді награданың иегері атанды (толығырақ №102 Дайджесттен оқыңыз).