You are here
Канада шетелдік зерттеушілер үшін елге келу процедурасын жеңілдетті


Канаданың мемлекеттік университеттеріне жұмысқа 120 күнге дейінгі мерзімге келетін шетелдік зерттеушілер енді жұмыс істеуге рұқсат алуға өтініш бермеді.
Жаңалықты а.ж. 12 маусымда қабылданған Жаһандық дағдылардың үкіметтік стратегиясы (Global Skills Strategy) қарастырады. Сонымен бірге ол кейбір жоғары білікті мамандар үшін визаны жеделдетіп алуды да қамтамасыз етеді.
Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын оқу орындарында немесе ғылыми-зерттеу орталықтарында жобалар жасайтын шетелдік зерттеушілердің Канадада әрбір 12 ай сайын 120 күн бойы жұмыс істеуге құқықтары болады.
Жаңа стратегияның шеңберінде университеттерге халықаралық сарапшыларды тарту және виза алу рәсімдері бойынша консультациялық көмек те көрсетіледі.
Жаһандық дағдылар стратегиясы шетелден талантты кадрларды тарту есебінен канадалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.