You are here

Канадада жас балалар тәрбиешілерінің жалақысын көтеруде

Printer-friendly versionPDF version

Government of Ontario, 22.01.2016

Канаданың Онтарио провинциясында лицензияланған мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жас балаларға күтім жасайтын мамандардың жалақысын көтеріп жатыр.  Енді бұл мамандар әр жұмыс сағатына қоса $1 алады. 

Канада мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше көңіл бөледі. 2003-2004жж. үкімет жас балалар күтімімен айналысатын орталықтарды қаржыландыруды екі есе  - жылсайын $1 млрд. дейін ұлғайтты.

2014ж. мектепке дейінгі білім беру саласына білікті мамандарды тарту әрі ұстау бастамасы шеңберінде  келесі 3 жылға $269 млн. қаржы бөлінді. Бұл қаржы ерте жастағы балаларды күтумен айналысатын кәсіби маман мен ересек жас балаларды күтумен айналысатын тәрбиешінің жалақылары арасындағы айырмашылықты жоюға мүмкіндік берді.