You are here

Қаржылық сауаттылықты балабақшадан дамытатын болады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme.ru, 14.04.2017

2015ж. S&P, агенттігінің рейтингіне сәйкес қаржылық сауаттылық деңгейі Ресейде Зимбабве мен Моңғолиядан да төмен болып, 38%-ды құрады. Ресейліктердің бұл саладағы білімін арттыру үшін билік әртүрлі шараларды ұйымдастыруда. Осылайша, а.ж. 10 және 16 сәуір аралығында Ресейде балалар мен жастардың арасында қаржылық сауаттылық апталығы өтті. 

РФ Білім және ғылым Министрлігі қаржылық сауаттылық бағдаламаларын балабақшаларда, мектептерде және ЖОО-да оқытуды енгізуді жоспарлап жатыр. 

2016ж. күзде ресейлік мектептерде қаржылық сауаттылық бойынша оқулықтан тестілене басталды. 10-11 сынып оқушыларына арналған кешенге оқу құралы, жұмыс дәптері және мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық кіреді. Барлық материалдар баспа және электронды нұсқауда қолжетімді.

Министр Ольга Васильева өзгерістер федералдық мемлекеттік білім беру стандарттарына енгізіледі деп қосты. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне жеке қаржы мен тұтынушыларға арналған несие туралы айтып береді. Қаржылық сауаттылық бір реттік науқан емес, «кең ауқымды толыққанды бағдарлама» бола бастады: оқулықтар шығарылып жатыр, қоғамтану пәнінің мұғалімдері оқушыларға қаржы құралдары туралы айту үшін арнайы дайындықтан өтіп жатыр.