You are here

Қазақстанның және Гонконгтың оқушылар командалары мобильдік қосымшалар конкурсында жеңіске жетті

Printer-friendly versionPDF version

PR Newswire, 11.08.2017

Кремний алқабында Google штаб пәтерінде World Pitch Summit конкурсының финалы өтті. Конкурс қыздар арасында өткізіледі, байқау олардың бағдарламалауға және кәсіпкерлікке деген қызығушылықтарын дамытуға бағытталған. Соңғы 7 жылда 100 елден 15 мыңнан астам қыз конкурсқа қатысты.

Конкурстың басты міндеті – компанияларға мобильді қосымшаны әзірлеу және ұсыну, ол БҰҰ Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) біріне қол жеткізу жәрдемдеседі. Конкурстың финалдық кезеңінің жалпы қоры $145 мыңды құрады. Қаржыландыру қыздардың арасында бағдарламалауды қолдауға бағытталған Google Made with Code бағдарламасы шеңберінде ұсынылған.

Финалға екі секцияда 12 команда қатысты: кіші және үлкен. Алматыдан келген /flash командасы үлкендер секциясында жеңімпаз болды. Олардың QamCare (Қамкор Care)  қосымшасы адамдардың маршрутын бақылайды және қажеттілік туындаған жағдайда қауіп-қатер белгісін жіберуге мүмкіндік береді. Қосымша ОДМ "Бейбітшілік" мақсатына жауап береді, өз пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кіші секцияда Dementia Care Companion қосымшасымен Гонконгтан келген оқушы жеңіске жетті. Қосымша ақыл-ой кемістігімен сырқаттарға арналып жасалған, оларға жеке оқуды ұсынады және сырқаттардың отбасыларына олардың орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Конкурс қыздардың арасында бағдарламалаудың танымалдығына оң ықпал етті. АҚШ-та қатысқан қыздардың арасында шамамен 60% мектепте бағдарламалау бойынша пәндерді көбірек тандады, 30% ЖОО-ға ІТ мамандықтарға оқуға түсті. Әлемнің басқа елдерінен қатысушылардың арасында ІТ мамандықтарға деген қызығушылық 70%-ға дейін артты.