You are here

Келешекте университеттер қандай болады?

Printer-friendly versionPDF version

hse.ru, 16.01.2017

А.ж. 12 және 14 қаңтар аралығында Мәскеуде Гарвард форумы өтті, оның шеңберінде сарапшылардың жоғары білімнің келешегі мәселелері бойынша пікірталасы болды.

Пікірталас барысында ЭЖМ ректоры Ярослав Кузьминов болашақ университеттерінің 5 үлгісін атады.

1-үлгі. Жаһандық жобалық зерттеу университеттері. Бұл университеттер сақталғанымен қатар, кеңейеді, автономды зерттеу құрылымдарды ығыстырады. Олар технологиялық әзірлемелермен белсенді айналысады, өйткені белгісіздік жағдайында бұл әзірлемелерге тәуекелге бел буғысы келмейтін корпорациялар қаражат салатын болады. Қазірдің өзінде Ресейде РҒА және Airbus немесе General Electric сияқты компаниялардың зерттеу бағдарламалары университеттерге өтіп жатыр. 

2-үлгі. Шығармашылық жобалар үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ететін университеттер. Зерттеу университеттері болып табылмайтын бұл университеттердің басым бөлігі онлайн оқытатын болады. Олар қалыптасқан инфрақұрылымның арқасында сақталып қалады. 

3-үлгі. Университеттер — онлайн-білім берудің алаңдары. Бұл - шалғай аудандардағы ең әлсіз университеттер, бұнда белсенді білім беру қызметіне сұраныс болмайды.  Олар онлайн-курстардың тыңдаушыларын қысқа семинарларға жинайтын болады, іс жүзінде жаһандық онлайн-ресурстардың орталықтарына айналатын болады. 

4-үлгі. Университеттер — кәсіби қауымдастықтардың орталықтары. Мұндай университеттер әлі жоқ. Алайда, уақыт өте келе, кәсіби қауымдастықтар үнемі өзгеріп тұратын технологиялар мен стандарттар әлемінде анағұрлым ықпалды бола бастаған кезде, олар пайда болады. Өз кәсіби стандарттарын бекіткен және оларға сәйкес келуге емтихан қабылдайтын кәсіби қауымдастықтар өз университеттерін - мысалы, санитарлық дәрігерлер мен қаржы талдаушыларын дайындайтын университеттерін құрайды деген ықтималдылық жоғары.   

5-үлгі. Корпоративтік университеттер. Оларды корпорациялар ЖОО түлектерінің өз қажеттіліктеріне қатысты дайындық сапасына қанағаттанбауымен байланысты өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мақсатында құрайды.