You are here

Киевте балабақшалар мен мектептердің директорлары конкурстық негізде сайланатын болады

Printer-friendly versionPDF version

osvita.ua, 20.04.2017

Киевтің Қалалық кеңесі мектепке дейінгі және жалпы білім беретін оқу орындарының басшыларын конкурс нәтижелері бойынша іріктеу тәртібін қолдады. Директор лауазымына конкурстық іріктеу Украинаның астанасында үшінші жыл қатарынан пилоттық режимде өткізіліп келеді. Қалалық кеңес үкіметтің директорларды ресми, бірізді және ашық тәртіппен іріктеу жөніндегі жоспарына ілесіп келеді.

Конкурсты өткізу үшін Киевтің Білім және ғылым, жастар және спорт департаментінде арнайы комиссия құрылады. Оның құрамына Киев кеңесінің депутаттары, оқу орындарының, Киев тіңтиісті ауданының оқу орындары басшыларының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

Конкурс талаптарының арасында мемлекеттік тілді еркін білу, жоғары педагогикалық білім, үш жылдан кем болмайтын педагогикалық жұмыс өтілі, жоғары адамгершілік қасиеттері мен тиісті денсаулық жағдайының болуы сияқты талаптар бар. Директорларды конкурстық іріктеу процесін бұдан әрі жетілдіру жөніндегі түзетулер Қалалық кеңестің екінші оқылыма қарай дайын болады.