You are here

Киевте дамуында ерекшеліктері бар балалар хайуанаттар бағына барып күйзелістен арыла алады

Printer-friendly versionPDF version

Киев сегодня, 10.02.2016

Украинаның астанасында "Страна ЕНОТиЯ" бірегей хайуанаттар бағы белсенді жұмыс жасай бастады. Бұл еуропалық әдіснама бойыша жасалған алғашқы аңдар бағы болып табылады. Балалар жануарлармен қарым-қатынастан 100% әсер алады: олар аңдарға тамақ бере алады, құшақтай алады, сипай алады және оң эмоциялармен бөлісе алады. 

Осындай зоопаркке барудың мақсаты – оңалту. Жануарлармен қарым-қатынас жасау балаға үрейді жеңуге, көңіл-күйін жақсартуға, кейбір психикалық бұзылулардан арылуға көмектеседі.

Классикалық репетиторлар мен мұғалімдерден гөрі зоопарк білімді алу және оны меңгеруді тездетеді. Мамандар  тірек-қимыл және жүйке жүйесі, аутизм, Даун синдромы мен ДЦП ауруларына шалдыққан балаларға, сонымен қатар балалар үйінің балаларына зоопаркқа баруға кеңес береді.