You are here

Кингс-колледж "Брекситтан" кейін Еуропада кампус ашқан алғашқы Британдық ЖОО болады

Printer-friendly versionPDF version

Deutsche Welle, 08.07.2017

Кингс-колледж Еуропалық Одақтан шығу бойынша референдум өткеннен кейін Еуропа континентінде кампус ашатын тұңғыш Британдық ЖОО болады.

Лондон университеті Германияның батысында орналасқан Дрезденде кампус ашуды жоспарлап отыр. Дрезден техникалық университеті және Кингс-колледж Transcampus бірлескен бастамасы аясында 2015 жылдан бастап ынтымақтастық жасай бастады. Осы бастаманың шеңберінде ЖОО-лар профессорлар құрамымен алмасу бойынша 10 бірлескен бағдарламаны және PhD бірнеше бағдарламасын ұсынады.

Transcampus деканы Штефан Борнштайнның (Stefan Bornstein) айтуынша, кампусты ашу екі жаққа да тиімді болады. Дрезден техникалық университеті жетекші академиялық орталықтардың бірі болып табылатын Лондонмен байланысын нығайта алады, ал Кингс-колледж "Брекситтен" кейін Еуропалық одақтың зерттеулерді қаржыландыруға қолжетімділігін қамтамасыз ете алады. Бұл ЖОО-ның еуропалық студенттердің арасындағы тартымдылығын сақтауға көмектеседі, референдум өткеннен кейін олардың саны азая бастады. 

Басқа британдық ЖОО-лар да Еуропада кампустарды ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр, бірақ әлі де ниеттерін растамады.