You are here

Кіріс деңгейі төмен отбасылар үшін АҚШ университеттерінің 95%-ында білім алу қолжетімсіз

Printer-friendly versionPDF version

The Atlantic, 24.03.2017

Жоғары білім саясатының институты АҚШ-та жоғары білімнің қолжетімділігін зерттеу қорытындылары бойынша есеп жариялады. Институт 2 мың ЖОО-да төрт жылдық оқудың шығыстарын анықтады. Шығыстар ЖОО-ға түсердің алдында 10 жыл бойы өз табысының 10%-ын қалдыра отырып, отбасы жинауы мүмкін құралдар санымен салыстырылды. Сонымен қатар, есепке ең төмен жалақымен аптасына 10 сағат жұмыс істейтін студенттің табысы да қосылды.

Бұл есептеулердің негізінде Институт отбасының табысына қатысты студенттердің он санатын анықтады. Жылдық табысы $160 мыңнан асатын отбасыларға ЖОО-дың 90%-ы қолжетімді екені анықталды. Барлық ЖОО жартысы табысы жоғары отбасыларға ғана қолжетімді. Барлық ЖОО-дың 95%-ы  жылдық табысы $69 мыңнан аз отбасылардың балаларына қолжетімсіз. Институт займдарды ескере отырып, қосымша есепті де жүргізді, бірақ тіпті займдардың өзімен ЖОО жартысынан астамы табыс деңгейі төмен отбасылар үшін қолжетімсіз.

Зерттеудің нәтижелері ауқатсыз отбасылардың балалары ЖОО тандауда шектелетінін көрсетеді. Институт штаттардың билігіне жоғары білімді қаржыландыруға анағұрлым көп қаржы бөлуді ұсынады. Сонымен қатар, оқу шығыстарына қарағанда, анағұрлы бәсең өсіп жатқан гранттардың мөлшерін арттыру ұсынылады.