You are here

Көптеген әйелдер неліктен мұғалім болуды қалайды?

Printer-friendly versionPDF version

Education and Skills Today, 01.03.2017

ЭЫДҰ әртүрлі елдердегі әйел мұғалімдерінің үлесі білім берудің барлық деңгейлерінде 2005ж. 61%-дан 2014ж. 68%-ға дейін артты. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің шамамен 82%-ын және орта мектеп мұғалімдерінің 63%-ын әйелдер құрайды. Кейбір саясаткерлер бұл үрдісті алаңдататын жағдай деп көреді, өйткені ер мұғалімдердің болмауы ұл балалардың арасында оқу үлгерімінің төмендеуінде белгілі бір рольді атқаруы мүмкін.

Статистикалық деректер мұғалім мамандығындағы жыныстық теңгерімсіздік алдыңғы жылдары артатынын көрсетеді. Негізгі мектеп деңгейінде әйелдер 30 жасқа толмаған мұғалімдердің 70%-ын құрайды, ал 50 жастан асқанда олардың үлесі 65%-ды құрайды. Бұл жағдай деректері бар 35 мемлекеттің 22-інде байқалады.

Мұғалімдердің арасындағы жыныстық үйлеспеушіліктің жыныстық стереотиптер және беделмен, тек басқа салалармен салыстырғанда ғана емес, білім беру жүйесінде де ортақ ұқсастықтары бар. Бұны білім берудің жоғары деңгейлерінде және анағұрлым беделді болып табылатын басшы лауазымдарында әйел оқытушылар үлесінің аз болуы дәлелдейді. Әйелдер жоғары білім беру саласындағы жұмыс орындарының 43%-ын алады. Орта мектепте әйелдер жаратылыстану ғылымдары, математика және техника пәндері мұғалімдерінің арасында сирек кездеседі. Сонымен қатар, ЭЫДҰ елдері бойынша орташа есеппен, бастауыш сынып мұғалімдерінің 68%-ын әйелдер құрайды, бірақ 45%-ы ғана мектеп директоры болады екен. Бұл көзге ерекше түседі, өйткені мектеп директорлары" әдетте, мұғалімдердің қатарынан сайланады. Осылайша, әйел мұғалімдердің, әріптес ер адамдарға қарағанда, мансапқа жету мүмкіндіктері анағұрлым аз болады.

Көптеген әйелдео неліктен мұғалім болғысы келеді? Білім беру жүйесіндегі жыныстық теңгерімсіздік әйелдердің саналы әрі стратегиялық тандауының, сонымен қатар еңбек нарығының шарттары мен әлеуметтік нормалардың нәтижесі болып табылады. Көптеген мемлекеттерде әйелдердің еңбек нарығына анағұрлым кең қатысуы білім беру жүйесінің кеңеюіне, нәтижесінде, білікті мұғалімдердің қажеттілігіне пара-пар келді. Әйелдердің еңбек нарығына қатысуы төмен Жапония сияқты елдерде де әйел мұғалімдердің пайызы да төмен. Мұғалімдерге жұмысты, отбасыны және балаларына күтім жасауды үйлестіруге мүмкіндік беретін жарты күндік жұмыстың еңбек шарттары да әйелдер үшін анағұрлым тартымды болып табылады.

Алайда, мұғалімдердің жалақысы, жоғары білімі бар басқа мамандармен салыстырғанда, ер адамдарға қарағанда, әйелдер үшін анағұрлым тартымды болып табылады. ЭЫДҰ елдері бойынша орташа есеппен, бастауыш мектептің ер мұғалімдері білім деңгейі ұқсас ерлер жалақысының 71%-ын алады. Әйелдер болса, басқа саладағы әйел мамандар жалақысының 90% астам алады екен. Ерлер мен әйелдер бір жұмысты атқарса да, бірдей табыс табады, ал олардың жалақысының салыстырмалы мөлшері кәсіби еңбек нарығында ерекшеленеді.