You are here

«Қорғаныс-өндірістік кешенге арналған жаңа кадрлар» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды

Printer-friendly versionPDF version

Минобрнауки РФ, 15.08.2016

"Қорғаныс-өндірістік кешенге арналған жаңа кадрлар" бағдарламасы ресейлік қорғаныс өнеркәсіптің кәсіпорындары мен концерндерінің тапсырысымен ЖОО-да инженерлерді даярлауды 2011 жылдан бері жүзеге асырып келеді.  

Қазіргі уақытта қорғаныс-өндірістік кешеннің шамамен 6 мың жоғары білікті маманы бағдарлама бойынша оқуды аяқтады. Оны жүзеге асыру барысында 2020 жылға дейін қорғаныс-өндірістік кешен ұйымдарымен мақсаттық оқыту туралы келісімшарттар жасасқан 9 мың жоғары курс студенттері мен аспиранттар оқытудан өте алады деп жоспарлануда.  

Бағдарлама инженерлерді сапалы даярлаудың жалпы өсіміне ықпал етеді: бағдарламаның жұмыс істеу мерзімінде қатысушы студенттердің оқу үлгерімінің жалпы деңгейі орта есеппен 7% өсті.

Бағдарламаны жүзеге асыру студенттің мансаптық траекториясының барлық кезеңдерінде: кәсіптік бағдар беру іс-шараларынан бастап магистранттар мен аспиранттарды тартумен бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарға дейін ЖОО және кәсіпорындардың өзара қарым-қатынас жасаудың тиімді механизмдерін дамытуды қарастырады.