You are here

Корпоративті басқару

Printer-friendly versionPDF version

Биғари Рүстем Айдарбекұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы

Қазастан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі

Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетін «Информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша, Бостон университетінің (АҚШ) «Киберқауіпсіздік» мамандандыруымен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтаған, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Информатика, басқару және басқару саласы боынша PhD докторы. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында қызмет атқарған. 2003 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс жасаған. 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, кеңесші, ақпараттандыру секторының басшысы қызметтерін атқарған. «Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын, «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын  әзірлеуге қатысқан. 2009 жылғы тамыздан 2018 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі, естелік медальдармен марапатталды.


Кляйн Екатерина Андреевна, тәуелсіз директор

«Eurasia Development Group» ЖШС директоры

Көкшетау университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. «MS Project Professional 2013 құралы арқылы ANSI PMI PMBOK 5-ші Edition (2012) және ISO 21500 стандарттарына негізделген жобаларды басқару негіздерін» оқыған, «International Coaching Academy» кәсіби жаттықтырушысы, «Controller's Diplom» Empacon (Берлин қ.).  Бастауыш сынып мұғалімі, «LEAN Consulting»-те маркетинг және сату жөніндегі кеңесші, IBIS Consulting Group директоры қызметтерін атқарған.


Маликов Бахтияр Жайлауұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры.

Менеджмент институтын (2007 ж.), Қазақ технология және бизнес университетін (2012 ж.) бітірген. Астана қаласы Ішкі саясат департаментінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің Стратегиялық жоспарлау және дамыту басқармасында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры болып тағайындалды.


Кенбай Қанат Оразтайұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры.

Рудный мемлекеттік индустриалды институтын «Жүйелік инженер» мамандығы бойынша, Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдаған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді мемлекеттік инспекциялау және ақпараттандыру департаменті Білім беруді ақпараттандыру бөлімінде, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК-ның бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының «Инжинерлік-техникалық орталығы» АҚ-ның президенті, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2018 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры қызметін атқарады.


Тойбаев Амангелды Сағынбайұлы 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы.

Инженер-механик мамандығы бойынша Кострома ауыл шаруашылық институтын (1992 ж.) және заңгер мамандығы бойынша Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін (1998 ж.) бітірген. Қазақ ауыл-шаруашылығы институтында «Тракторлар және автомобилдер» кафедрасында ассистент болып, Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы (1994 ж.); «Электроқұрылғы» ААҚ-та материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің инженері (1995 ж.); Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, бас сарапшысы болып (1996-2014 ж.ж.) жұмыс атқарған. 2014 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы.


Алабугин  Сергей Геннадьевич

Тәуелсіз директор

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ вице-президенті

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің байланысты құпияландыру жабдықтары бойынша механик ретінде бастады. «Нұрсат» ЖАҚ-та коммутациялау жабдықтары бойынша инженер, әзірлемелер бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған. «SoftDeCo» ЖШС негізін қалаушы және бас директоры, «Seven Sky Group» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, «RS Solutions» компаниясының бас директоры Mail.KZ электрондық қызмет порталының иегері, 2015 жылдан бастап «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» әкімшілік және ұйымдастыру мәселелері бойынша вице-президенті. Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бес комитетінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Үздік байланысшы» төс белгісімен марапатталған.


Атанаева Мираим Қажмухамбетқызы

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президентінің міндетін атқарушысы.

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі және IPMA сертификатталған жобалық менеджері (С деңгейі). Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін,  Шығыс Қазақстан университетінің экономика факультетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Джорджия штаты университетінің  жанындағы Карл Уилсон Институтында (АҚШ) тағылымдамадан өтті және АҚШ Конгрессі Кітапханасының «Ашық әлем»  бағдарламасының номинанты болып табылады. Мемлекеттік қызметте және қоғамдық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. 2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық құрылымдарында кәсіпорындарды сауықтыру және банкроттық саласында жұмыс істеді. 2005 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде. 2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы Аппаратының бас сарапшысы, 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының стратегиялық даму департаментінің Ақпараттық-талдау бөлімінің кеңесшісі, одан кейін меңгерушісі, 2010-2011 жылдары «Нақты саясат институты» қоғамдық қорында сарапшы болды. 2012 жылдан бастап «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-да бас сарапшы, түрлі департаменттер директорының орынбасары, Білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу  департаментінің директоры және Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының сараптау департаменті директорының лауазымында жұмыс істеді. 2018 жылдың наурызында «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ президентінің орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылдың тамыз айынан бастап  Орталық президентінің міндетін атқарады. Өз қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының түрлі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, IEA және т.б.) жұмыс топтарының отырыстарында және сарапшылар кеңесінде кеңесші және сарапшы ретінде бірнеше рет тартылды. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.