You are here

Қосымша білім беру оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсер етеді

Printer-friendly versionPDF version

Институт образования ВШЭ, 06.02.2017

ЭЖМ Білім институтының зерттеуіне сәйкес, оқушылардың қол бос уақыты олардың үлгеріміне ықпал етеді. Нәтижелері жоғары оқушылар әртүрлі үйірмелерге жиі барады және өз күнін жоспарлайды екен. Кем дегенде бір үйірмеге қатысатын оқушының орташа балы 5-тен 4,07 құрайды, ал екі үйірмеге баратын оқушының орташа балы 4,14 дейін жетеді. Бұл бос уақытында ешқайда бармайтын оқушылардың 5-тен 3,93 деген балынан анағұрлым жоғары.

Қосымша білім берудің бірнеше артықшылығы бар. Жоспарланған күн баланы тәртіпке және жинақылыққа үйретеді. Қарым-қатынас жасаудың анағұрлым кең тобы балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен қатар, ата-аналар олардың балалары бос уақытта немен айналысатыны туралы жақсы біледі. Орташа есеппен оқу үлгерімі нашар балалар күніне 2,5 сағат, ал оқу үлгерімі жақсы олардың қатарластары небәрі 1,6 сағатты ересектердің қарауынсыз өткізеді.

Үйірмелерге қатысу отбасы жағдайына қатысты. Ата-аналардың білім мен табысы, мәдени сұранысьар мен әлеуметтік мәртебесі сияқты факторлар ықпал етеді. Білімді отбасыларда ата-аналар ресми біліммен қатар білімнің басқа қайнар көздерін пайдалану қажеттілігін мойындайды.