You are here

Краснодарда World Skills Russia финалы өтті

Printer-friendly versionPDF version

AiF.ru, 24.05.2017

Краснодарда World Skills Russia 5-ші ұлттық конкурсы өтті.

Анықтама үшін: World Skills – халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Ол жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған. Қозғалыс аясында 76-ға жуық елдің өкілдері қатысатын жұмысшы мамандықтардың конкурсы өткізіледі.

Сайысқа техникумдер мен колледждердің студенттері, сондай-ақ 10-17 жастағы оқушылар қатысты. Конкурста алты блокқа бөлінген 109 жұмысшы мамандығы ұсынылды: құрылыс саласы, өнеркәсіп өндірісі, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, қызмет көрсету салалары, азаматтық көлікке қызмет көрсету.

Қатысушылар берілген уақыт ішінде олардың мамандығымен байланысты белгілі тапсырманы орындады. Конкурсқа барлығы 1,3 мыңнан астам адам қатысты.

Медальдардың ең көп санын Мәскеу қаласының командасы жеңіп алды. 91 кәсіпқойдан құралған команда 67 құзырет бойынша 22 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар Қазан қаласында өтетін World Skills 2019 чемпионатының әлемдік кезеңінде Ресейдің атынан өкілдік етеді. Өткен жылы Ресей командасы Гетеборгте өткен конкурста медальдардың ең көп санын ұтып алды.