You are here

Кремний аңғарындағы мектеп мұғалімнің пайдасына онлайн-сабақтардан бас тартты

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 31.01.2017

Маунтин-Вью (Калифорния) мектебі ата-аналардың өтінішімен математиканы оқуға арналған Teach to One: Math атты оқыту бағдарламасын пайдаланудан бас тартты.

Анықтама үшін: Teach to One: Math оқыту курсын New Classrooms компаниясы әзірледі. Компанияның негізін 2011ж. екі мұғалім қалады. Оның жылдық бюджеті $20 млн. құрайды, оның басым бөлігі қамқоршылық ұйымдардан түседі. Білім беру технологияларын edtech қолдайтын Билл және Мелинда Гейтс Қоры жоба демеушілерінің бірі болды. 

Алтыншы сынып оқушылары жүйені 2016ж. күзде пайдалана бастады. Оқушыларға оқыту бағдарламасы орнатылған Chromebook ноутбуктері берілді. Оқыту бағдарламасы онлайн-сабақтарды және үй тапсырмасын әр оқушының қабілетіне қарай бейімдейді. Осылайша, бөлшектерді жақсы білетін оқушылар бір аптаның ішінде осы тақырыпта тереңдетілген курстан өтеді, содан соң қиындық туғызатын тақырыптарды пысықтайды.  

Онлайн-оқыту енгізілгеннен бірнеше аптадан кейін ата-аналар бағдарламадағы қателерге шағымдана бастады және сабақ өтудің дәстүрлі жүйесін қайтаруды талап етті. Ата-аналар сабақтардың логикалық емес тәртіппен құрылғанын байқады, ал тесттік тапсырмалар қате құрылған. 

New Classrooms компаниясы математика бойынша 2016-2017жж. арналған бағдарламаны енгізу үшін 40 мектеппен келісімшарт жасасты.

Компанияның басшысы Джоэл Роуз бағдарламадағы сабақтардың тәртібі жаңа тақырыптардың жеңіл меңгерілетіндей етіп құрылғанын, ал тесттердегі қателер - үлкен сиректік екенін атап өтті. Оның пікірінше, оқушылар мен ата-аналар Teach to One қалай пайдалану керек екенін дұрыс түсінбеді. 

Алайда, көптеген ата-аналар бағдарламадағы қателермен қатар, мұғалімнің бақылауының болмауына да көңілдері толмады. Оқушылар компьютерде отырғанда, көңілдері басқа істерге ауады, қателер мен интернет мәселесінің кесірінен тапсырмаларды орындай алмайды, ал бақылаудың болмауы жағдайды одан әрі қиындатады.