You are here

Кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесшілер Вашингтондағы оқу үлгерімі нашар оқушыларға көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version

The Atlantic, 14.02.2017

Колумбия федералдық округтің мектептерінде кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесшілер жұмыс істей бастады. Кеңесшілер қызметі мектепті аяқтаған оқушылардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда АҚШ-тың астаналық округінде мектепті жыл сайын оқушылардың тек 69%-ы ғана аяқтайды екен. Бұл ел  бойынша орташа көрсеткіштен 11%-ға төмен.

Кеңесшілер мектеп бағдарламасынан артта қалғандарға менторлық қызметті, ынталандыру сабақтарын және үй тапсырмасын орындауда көмек көрсету қызметін ұсынатын болады. Оқушылар жұмысқа сәтті орналасу дағдыларына үйрету сабақтары да ұсынылады. Оқушылар мұғалімдерден тиісті деңгейде қолдау таппаса, кеңесшілер оларға психологиялық қолдау көрсетеді.

Кеңесшілердің арасында мектепте кезінде оқуда қиындықтары болған адамдар да бар. Бұндай мамандарды тарту кеңесшілер мен артта қалушы оқушылардың арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Басты міндет – мектеп бағдарламасынан орташа есеппен екі жылға артта қалған оқушылардың кең ауқымын қамтуды қамтамасыз ету. Федералдық округтың есебінде шамамен 1 300 осындай оқушы тұр. Бұл қызметтер оқушыларға мектепті аяқтау туралы аттестатты алуға көмектесу керек.